МБЖЖ*

21% дейін табыстылығы жоғары

БІЛІМ БЕРУ ДЕПОЗИТТЕРІ

ТОЛЫҒЫРАҚ

* «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

Еліміздің және шетелдің жетекші
оқу орындарында білім алудың сіз
үшін, сіздің балаларыңыз үшін
қолжетімділігі

Табысты болашақ кепілі!

ТОЛЫҒЫРАҚ

2013 жылғы 14 қаңтарда «Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданды.

Қазақстанның кез келген азаматы өзіне не баласының
атына 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге тиімді депозит
аша алады. Кейін оны ҚР-да және шетелде оқудың ақысын
төлеу үшін жұмсауға болады.

Депозитті ҚР-ның кез келген елді мекенінде қатысушы
банктердің
барлық бөлімшелерінде ашуға болады.

МБЖЖ = 14% банк депозиті + 5-7% мемлекет сыйлықақысы

Депозиттік калькулятор

2013 жылғы 14 қаңтарда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Қазақстанның кез келген азаматы өзіне не баласының атына 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге тиімді депозит аша алады. Кейін оны ҚР-да және шетелде оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болады.

Депозитті ҚР-ның кез келген елді мекенінде қатысушы банктердің барлық бөлімшелерінде ашуға болады.

МБЖЖ = 14% банк депозиті + 5-7% мемлекет сыйлықақысы

Минималды
жарна 6807 тг. бастап

Депозит мемлекет
тарапынан сақтандырылған

Мерзімі 20
жылғадейін

Үнем 30%-дан
70%-ға дейін

Тыйым салуға және басқа
шектеулер қоюға жол берілмейді

Депозит ашу

Бастапқы жарна

Ай сайынғы салым

Банктің мөлшерлемесі

14 %

Мемлекет сыйлықақысы

5 %

Депозит мерзімі

3 жыл
= теңге
Депозит ашу
Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің артықшылықтары:

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің артықшылықтары:

Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды
Білім беру депозиттері 10 млн теңгеге дейінгі сомада мемлекет атынан «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-мен сақтандырылған
Үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір ауыртпалықтар мен өндіріп алуды жүргізуге мүмкіндік бермеу заңнамалық тұрғыда бекітілген. Бұл жағдайда кредиторлар мен сот орындаушылар талап қойғанның өзінде ақша қаражатын жоғалту немесе оған тыйым салу шараларынан еш қауіптенбеуге болады («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Қылмыстық процестік кодексі)
Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар

МБЖЖ жүйесі қалай жұмыс істейді?

Сіз жинақталған қаражатты басқа мақсаттарға (оқуға емес) жұмсай аласыз. Бұл жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысы қайтарып алынады.

Депозитті ашу үшін қажетті құжаттар

Банкке 2 құжатты ұсыну қажет:

ата-ананың жеке куәлігі немесе төлқұжаты
баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты

Егер депозит кәмелет жасқа толған/толмаған Салымшының атына үшінші тұлғалар тарапынан ашылатын болса, Салымшыдан/Салымшының заңды өкіл(-дер)інен сенімхат қажет болады.

5% немесе 7% сыйлықақы қалай есептеледі?

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын депозиттің сомасына 5% мөлшерінде есептеледі.
Көтеріңкі мемлекет сыйлықақысы басымдықты санатқа жатқызылған балалардың депозиттеріне жылдық 7% мөлшерінде есептеледі. Олар:

жетім балалар
мүгедек балалар
төрт немесе одан көп баласы бар көпбалалы отбасындағы балалар
жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлек себетінің құнынан төмен аз қамсыздандырылған отбасындағы балалар

Мемлекет сыйлықақысы бір жылға 100АЕК-тен аспайды. Мысалы, 2018 жылы мемлекет сыйлықақысының максималды мөлшері 242 833 теңгені құрады.

Жинақтау мерзімдері қандай?

Депозиттің мерзімі: 3, 5, 10 жыл. Сол мерзімге және сол шарттарда мерзімді ұзарту мүмкіндігі бар. Қор жинақтаудың максималды мерзімі қарастырылмаған, бірақ мемлекет сыйлықақысы 20 жыл ғана төленеді.

Депозитті қайда ашуға болады?

Депозитті кез келген елді мекенде қатысушы банктердің барлық филиалдарында ашуға болады.
Қазіргі уақытта бағдарламаға 4 банк: Халық банк, Нұрбанк, Цеснабанк, ВТБ қатысады.

Серіктес банктердің қатары үнемі толығып тұрады, жаңалықтарды бақылап жүріңіздер.

Жинақтау шотын қалай толтырады?

Әрбір банкте шотты толтырудың өз әдістері бар: касса, Cash&Pay терминалдары, интернет-банкинг, картадан жинақтау шотына аудару арқылы толтыру. Қосымша жарналар үшінші тұлғалардан да қабылданады.

Назар аударыңыздар! Депозитке жарналарды салу мерзімділігі мен олардың сомасын өз бетінше белгілеу мүмкіндігі бар. Мәселен, Халық банкі бұл сома 10 000 теңге. Ақпарат серіктес банктердің сайттарында берілген.

Егер банкте дөрекілікке тап болсаңыз

Егер банкте сізге МБЖЖ білім беру депозиттері бойынша тиісінше кеңес берілмесе, немесе қиындықтарға тап болсаңыз, онда міндетті түрде 8 800 080 28 28 біздің тегін жедел желімізге хабарласыңыз.

Біз сізге жедел қолдау көрсетеміз.

Есептеу үлгісі

Баланың
жасы
Жинақтау мерзімі бала 17 жасқа толғанға дейін Бастапқы жарна (тг) Ай сайынғы жарна (тг) Жыл сайынғы жарна (тг) Жалпы жарналар (тг) Банктің сыйақысы (тг) Мемлекет сыйлықақысының сомасы (тг) БАРЛЫҒЫ (тг)
1 жас 192 ай 7000 1750 21 000 x 16 жас 336 000 1 292 858 535 912 2 171 770
3 жас 168 ай 7000 2500 30 000 х 14 жас 420 000 1 169 718 485 888 2 082 606
7 жас 120 ай 7000 5833 70 000 х 10 жас 700 000 1 011 314 395 782 2 114 096

Депозит ашу

Әлеуметтік ролик...Өз Болашағы туралы Сіздің балалар

АО "Қаржы Орталығы"

Білім беру жинақтау салымы

Василий Левит ашып, білім беру жинақтау салымы

Қалай жинауға арналған білім беру?

Сапиев открыл образовательный вклад

Қорытынды жаңалықтар

Депозит ашу

Балаңыздың өз болашағына сенімін арттырып,
осы қызықты дүниеде өз ісін тауып,
аяғын нық басуына мүмкіндік берейік.

Перзенттерінің ертеңгі күнін ертерек ойлап,
оның жарқын болашағы үшін әрекет ету –
жауапты ата-анаға лайықты іс.

Балаңыздың өз болашағына сенімін арттырып, осы қызықты дүниеде өз ісін тауып, аяғын нық басуына мүмкіндік берейік.

Перзенттерінің ертеңгі күнін ертерек ойлап, оның жарқын болашағы үшін әрекет ету – жауапты ата-анаға лайықты іс.

Депозит ашу